Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелдерге зират басына баруға болмайды": Имам жерлеу кезіндегі маңызды сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: islam-today.ru

Белгілі дінтанушы әрі имам Нұрлан Байжігітұлы барша мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, өзіне жиі қойылатын діни сауалдарға тоқталып өтті. Бұл жолы имам әйелдердің адам жерлегенде зират басына бармауы керектігіне ерекше мән берді. Сондай-ақ, дінтанушы әйел адамдарының жұмыс істемей, үйде отыруына қатысты да өз ойын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде көпшілік фильмдерден, әсіресе, елімізде жиі көрсетілетін түрік сериалдарынан марқұмды жерлеу рәсіміне әйелдердің де қатысатынын байқаймыз. Имамның айтуынша, бұл дұрыс емес. Өйткені, адам жерлеу әйелдің психикасына өте ауыр тиетінін жағдай.

"Марқұмды жерлеген кезде әйелдердің зират басына бармағаны жөн. Өйткені, әйел жаны нәзік дүние. Мұндай ауыр құбылысты, жақын адамын жер қойнына тапсырған сәтті көру олардың жүрегіне үлкен ауыртпалық түсіреді. Тіпті, бұл жағдайды көру ер адамдар үшін де оңай емес. Сондықтан, марқұмды жерлеу кезінде қазақ әйелдерді зират басына ерітпейді. Бұл әйел адамның жан-дүниесін қорғауға бағытталған қадам. Жалпы, біздің дінімізде әйелді қорғау, оның ауыртпалықтан, қиыншылықтан сақтау көп айтылған", - дейді имам.

Сондай-ақ, Нұрлан Байжігітұлы әйел адамдарының жұмыс істемей, үй шаруасында жүруіне қатысты ойын да бүкпесіз айтты.

"Үйде отырған әйел мен базарда сауда жасайтын әйелді салыстырып көріңізші. Сыртта жүрген әйел бәрібір қақталады, қаталдана түседі. Нәзіктігін жоғалтатын кездер де аз емес. Ер адам секілденіп кететіндер, арасында балағаттап жіберетіндер бар. Әйел үйде отырсын дегенді негізгі мақсат осы. Әйелдің нәзіктігін, әлсіздігін жоғалтпау. Бірақ бұл қыз бала оқымасын, ештеңе істемесін деген сөз емес. Қызды оқыту керек, білім беру керек. Бірақ бәрін ретімен пайдаланған дұрыс. Осы орайда, бір танысымның әңгімесі еске түсіп отыр. Ол 11 сыныпты енді бітірген қызына білім алу туралы әңгіме қозғады. "Қыздарға білім керек, ертең күйеуі қайтыс болса, отбасын асырау керек. Сол үшін диплом керек" дегені бар. Мені бұл әңгіме ойлантып тастады. Бұлай жамандық шақырудың қажеті жоқ. Дипломы болса да, түк білімі жоқ қанша адамды көріп жүрміз. Бастысы - еңбек пен жүретің тазалығы. Осылар болса, жаратушы да көмегін аямайды ", - дейді дінтанушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912343-aielderge-zirat-basyna-baruga-bolmaidy-imam-zerleu-kezindegi-manyzdy-suraqqa-zauap-berdi/

pixel