RU

COVID-19: Еліміздің тағы бір өңірі "жасылдан" "сары" аймаққа өтті

тәж45
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша эпиджағдайды бағалау матрицасының соңғы деректерін жариялады. Оған сәйкес, өткен тәулікте еліміздегі тағы бір облыс "жасыл" аймақтан "сарыға" өткен деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram каналы.

Айта кетейік, 13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында КВИ-ді жұқтырудың 25 жаңа жағдайы анықталған болатын. Сонымен бірге, мамырдың 12-інде облыста COVID-19-ды жұқтырудың 35 жағдайы тіркелген, ал 11 мамырда өңіде коронавирусты жұқтырған 15 адам анықталды.

Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен БҚО коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта қалып отыр. Шымкент қаласы, Алматы облысы, Атырау және Ақтөбе облыстары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта.

Ал "жасыл аймаққа Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстары жайғасқан. Жалпы Қазақстанның өзі "сары" аймақта тұр.

Еске салсақ, бұған дейін өткен тәулікте қанша қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болғанын жазған едік.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың 21-ші күні Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандарына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912490-covid-19-elimizdin-tagy-bir-oniri-zasyldan-sary-aimaqqa-otti/