jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысының Ертіс жайылмасында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды. Зиянкестерді улау жұмыстары "Бактицид" биологиялық препаратымен жүргізілуде деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметі бойынша, алқаптарды өңдеу ғылыми қолдау тобының ұсынымына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші кезекте Павлодарское ауылының маңындағы алқап өңделді.

"Бактицид" биологиялық препаратын сумен 1:10 мөлшерінде араластырады, яғни бір тонна суға жүз килограмм препарат жұмсалады.

"Ерітінді жер қойнауын пайдалану басқармасы, ғылыми қолдау тобы және "Ертіс – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен дайындалады", – делінген басқарманың хабарламасында.

Бұдан кейін ерітінді ұшаққа құйылады. Ұшақ төмен ұша алатын кезде, яғни таңертең және кешке препаратты тиімді шашырата алатын мезгілде шығады.

Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.