RU

Алматыдағы сауда орталығының жанынан ер адамның мәйіті табылды

Мәйіт
Фото: Sputnik / Стрингер

Алматының сауда олрталықтарының бірінде ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ер адамның мәйіті Алматыдағы Наурызбай ауданында орналасқан "Апорт" сауда және ойын-сауық орталығына қарсы бетте табылған.

Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша 1972 жылы туған ер адамды өлтіріп кеткен. Ол алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ақпан айында жоғалған ер адамның мәйіті контейнерден табылғанын жазған едік.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес марқұмның денесі 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тасжолына жақын маңдағы Талқайран ауылы шаруа қожалығының контейнерінен табылған.

Одан бөлек, Қарағанды облысының Тоғызқұдық ауылында 8 ай бұрын күйеуі өлтіріп, тығып тастаған 35 жастағы келіншектің денесі табылғанын жазған болатынбыз. Оны полиция ауылдан небәрі 10 шақырым жерден анықтаған.

Сонымен қатар ШҚО-да суға кеткен балықшының денесі табылғанын жазғанбыз. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

"ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Қара Ертіс өзеніндегі "Кендірлік" учаскесі маңында суға батқан 1981 жылы туған балықшының денесін тапты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912779-almatydagy-sauda-ortalygynyn-zanynan-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/