820 адамның жағдайы ауыр: Коронавирус жұқтырғандарға қатысты ресми мәлімет шықты
Жарияланған күні:
Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 17 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, елімізде 820 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария етті.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 888 адам коронавирус инфекциясынан (38 379 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 820 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Еске салсақ, соңғы тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан неше адам көз жұмғаны белгілі болғанын жазған едік.
2021 жылғы 16 мамырдағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттану бойынша 20 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 83 адам жазылып шыққан.
Сонымен қатар, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа енгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша ресми мәліметтер жария болғанын жазған едік. Елімізде өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-сынама арқылы расталған.
Одан бөлек, елімізде өткен тәулікте 1738 адам коронавирус індетінен емделіп шыққаны белгілі болып отыр.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 360 193 адамда анықталса, соның ішінде жазылып шыққаны – 317 741 науқас.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912814-820-adamnyn-zagdaiy-auyr-koronavirus-zuqtyrgandarga-qatysty-resmi-malimet-syqty/