Елімізде өткен тәулікте неше адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша ресми мәліметтерді coronavirus2020.kz сайты назарға ұсынды.
Елімізде өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-сынама арқылы расталды.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 284
Алматы қаласында - 549
Шымкент қаласында – 86
Ақмола облысында – 153
Ақтөбе облысында - 50
Алматы облысында - 125
Атырау облысында - 77
Шығыс Қазақстан облысында - 74
Жамбыл облысында - 32
Батыс Қазақстан облысында – 97
Қарағанды облысында - 346
Қостанай облысында - 32
Қызылорда облысында - 16
Маңғыстау облысында - 39
Павлодар облысында - 87
Солтүстік Қазақстан облысында - 12
Түркістан облысында - 30
Айта кетейік, 15 мамыр күні індет 2459 адамда тіркелген болатын. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 360 193 адамда анықталды.
Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің 16 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Ақтөбе облыстары "қызыл" аймаққа енгенін жазған едік.
Атап айтқанда: "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары тұр. Ал "сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймаққа Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары жайғасты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912772-elimizde-otken-taulikte-nese-adam-koronavirus-zuqtyrdy/