jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны жария болды

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 2500 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы ақпаратты Coronavirus2020.kz ресми Telegram-каналында жария етті.

Аймақтар бойынша жазылғандардың саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 352

Алматы қаласы - 148

Шымкент қаласы - 204

Ақмола облысы - 327

Ақтөбе облысы - 241

Алматы облысы - 290

Атырау облысы - 83

Шығыс Қазақстан облысы - 83

Батыс Қазақстан облысы - 110

Қарағанды облысы - 297

Қостанай облысы - 21

Қызылорда облысы - 134

Маңғыстау облысы - 48

Павлодар облысы - 99

Солтүстік Қазақстан облысы - 20

Түркістан облысы - 43

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 320241 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

"Ішек инфекциясы фекальды – оральды жолмен, яғни адамнан адамға кір қолдан немесе жуылмаған жеміс-жидек, тамақ арқылы жұғады. Ал, коронавирус инфекциясының бірнеше таралу жолы бар. Атап айтар болсам, фекальды – оральды және тыныс алу жолдары арқылы. Аурудың алғашқы күні екеуінің белгілері ұқсас болуы мүмкін. Іштің өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбетің болмауы, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік. Коронавирус та дәл осылай басталады", - деп түсіндірді ол.

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны жария болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.