Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Жарияланған күні:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендеді. Бұл туралы 18 мамыр күні үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды", - деді министр.

Алексей Цойдың мәліметіне сенсек, өңірлер шегінде 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр.

"Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 49, Алматы облысында - 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

"Ішек инфекциясы адамнан адамға кір қолдан немесе жуылмаған жеміс-жидек, тамақ арқылы жұғады. Ал, коронавирус инфекциясының бірнеше таралу жолы бар. Атап айтар болсам, фекальды – оральды және тыныс алу жолдары арқылы. Аурудың алғашқы күні екеуінің белгілері ұқсас болуы мүмкін. Іштің өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбетің болмауы, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік. Коронавирус та дәл осылай басталады", - деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913014-coi-elimizdegi-epidemiologiyalyq-axual-turaqtalyp-keledi/