RU

440 млн теңге бөлінген: Атырауда мектептегі жөндеу жұмыстарына мұғалімдер "жегілген"

Ұстаз
Фото: Telegram / kozachkow

Атыраудағы мектептердің бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде қызу талқыға алынуда. Онда мұғалімдер 440 миллион теңге бөлінген мектепте жөндеу жұмыстарын өздері жүргізуге мәжбүр болып жатқандығы сөз етілген. Облыстық білім басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Атап айтқанда, суреттер мен фотодағы жағдайға қатысты жазба Kozachkov offside атты Telegram-каналында жарияланған. Онда Бекмұхамбетов атындағы мектепке өткен жылдың мамыр айында күрделі жөндеу жұмыстарына 440 миллион теңге бөлінгені атап өтілген.

"Ақша игерілді, бірақ басшылық ұстаздар құрамын жөндеу жұмыстарын аяқтауға мәжбүрлеп отыр. Фотода мұғалімдер спортзал еденіндегі тесіктерді матамен толтырып жатыр", - делінген хабарламада.

Атырау облысының білім басқармасы "Ақ Жайыққа" мұғалімдерді кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмысқа тартқаны үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Сондай-ақ, қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева бүгінде мектепті ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріп жатқанын мәлімдеді. Басылым білім беру мекемесі 2020 жылы күрделі жөндеуден өткенін атап өтті. Кепілдік бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы хат мердігерге жіберілді.

Мектеп
Фото: Telegram / kozachkow

Еске салсақ, бұған дейін еліміздегі білім беретін ұйымдарда қауіпсіздік барынша күшейтілетінін жазған едік. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елдегі барлық мектепте арнайы күзет пайда болады.

Үкіметтің мұндай шарасына ата-аналар бір тиын шығармайтыны, қажет қаржы бюджеттен бөлінетіні белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913050-440-mln-tenge-bolingen-atyrauda-mekteptegi-zondeu-zumystaryna-mugalimder-zegilgen/