jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Нұр-Сұлтанда трансгендердің қатысуымен болған жанжал видеоға түсіп қалды

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: telegram.org/qumash_kz

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінің жанында түсірілген видео таратылуда. Кадрларда трансгендер қыздардың жанжалы түсірілген. Жағдайға елордалық полиция департаментінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоның сипаттамасында "ханымдар" Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінің жанында жанжалдасқаны туралы айтылған. Жанжалға қатысушылардың бірі өзінің трансгендер екенін айтты. Оны қоғамдық жерде газ құтысын шашты деп айыптаған.

"Мен трансгендермін, Қазақстанда жынысымды ауыстырдым!", – деді қара көйлек киген қыз.

"Адамның бетіне бірдеңе шашуға қандай құқығың бар?", – деп сұрады болған оқиғаны видеоға түсіріп тұрған кадр сыртындағы ер адам.

"Ол мен емес!", – деп қыз бәрін жоққа шығарды.

"Олар бізге өздері тиісе бастады", – деп мәлімдеді ақ киімдегі қыз.

Жазбада жанжалдың неден туындағаны түсініксіз. Бірақ оқиға орнына полицияның келгені көрінеді. Осы арада әлеуметтік желілерде жағдай трансгендерлер салонға маникюр жасау үшін келгеннен кейін басталғаны айтылды. Қызметкерлердің бірі олар туралы бірдеңе айтқан. Сөзден сөз туып, қыздар мен жұмысшы көшеге шыққан, кенет қыздардың бірі баллоншаның ішіндегісін шашып жіберді.

Бұл жағдайға Нұр-Сұлтан полиция департаментінде түсініктеме берілді. Департамент 16 мамырда сағат 20.38-де "102" арнасына жастар арасындағы жанжал туралы хабарлама түскенін хабарлады. Барлық қатысушылар ұсталып, полицияға жеткізілді.

"Әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды", – деп атап өтті департамент.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Нұр-Сұлтанда трансгендердің қатысуымен болған жанжал видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.