Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жасөспірімді 8 жастан бастап бөлесі зорлап келген: Қыздың анасы неліктен күдіктіні қорғап отыр

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы бөле ағасы 7 жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы Facebook қолданушысы Андрей Андреев жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Облыста сұмдық жағдай болып жатыр. Өмір не болып барады? Қыздың бөле ағасы оны біраздан бері зорлап келген. Оған 8 жастан бастап тиіскен. Ал қыздың анасы жиенін қорғап отыр", - дейді Андреев.

Оның сөзінше, қыздың ата-анасы ажырасқан. Бастапқыда анасы балаларынан бас тартып, әкесіне берген. Олар елордада тұрды, дейді Андреев. Артынша әкесімен келіспей қалды ма, жоқ, әлде анасы шақырды ма, қайтадан Алматы қаласына көшіп барыпты. Ал кейбір туыстары әйелдің әскери бөлімде жұмыс істегенін, тұрғын үй өтемақысын алу үшін балаларды өз қолына алғанын жеткізген. Өзі басқа еркекпен тұрады.

"Соңғы кезде жасөспірім қыз туыстарының үйінен шықпай жүр. Біресе анаған, біресе мынаған барады. Алайда анасына барғысы келмейді. Туыстары себебін сұрағанда айтпай қойды. Бірақ соңынан барлығын айтуға келісті. Сөйтсе, басқа еркекпен тұратын анасы кей уақытта алкогольді сусын тұтынады екен. Ал жеке өмірін ойлағанда қызын Шамалғанға әпкесінің үйіне жібере салады. Ол жерде әпкесінің ұлы – бөле ағасы тиісіп, зорлайтын көрінеді. Соңғы рет оны 21 наурыз күні жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Бұның барлығы қыздың 8 жасында басталған", - деп баяндады желі қолданушысы. 

Қыздың туыстары шұғыл полиция қызметкерлеріне арыз түсірген. Еліміздің астанасынан әкесі де келіпті. Бірақ анасы жиенін қорғап отыр, дейді Андреев. Тіпті жиенін қорғауға адвокат жалдаған деген де мәлімет бар.

Оның сөзінше, тергеу жұмыстары да ұзаққа созылып кеткен. Қарасай ауданының тергеушісі қажетті сараптамаларды тағайындамады, дейді желі қолданушысы. Ал қыздың оқыған мектебінде оқу ісінің меңгерушісі "болары болып, бояуы сіңген нәрсені" қопармауға кеңес берген көрінеді.   

Бұл жағдайға қатысты Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев Sputnik Қазақстан агенттігіне түсініктеме берді.

"Қарасай аудандық полиция басқармасында 2006 жылғы қызға жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша оның анасы арқылы туысы болып келетін адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-тармағына сәйкес іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Күдебаев.

Айта кетейік, 121-бап сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жазаға тартуды көздейді. Оған сәйкес, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913077-almatyda-zasospirimdi-8-zastan-bastap-bolesi-zorlap-kelgen-qyzdyn-anasy-nelikten-kudiktini-qorgap-otyr/

pixel