jitsu gif branding logo appbranding logo app

Пандемияға қарамастан алматылық кәсіпкерлер тойхана салып жарысуда (фото)

Тойхана
Фото: KAZ.NUR.KZ

Алматы облысындағы Талғар күре жолы ел аузында «той трассасы» аталып кеткен. Тойшыл қауымға мұндағы кең сарайдай көрінетін зәулім мейрамханалар ұнайды. Ал былтыр пандемияға қарамастан Бесағаш ауылына қарасты Аэропортная көшесінде көздің жауын алатын тағы да бірнеше тойхана бой көтеріп үлгерді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғимараттар травертинмен қапталып, қымбат керамика тастарымен әрленген. Құрылыс материалдарының қымбаттығына пысқырмаған кәсіпкерлер бірінен бірі өткен мейрамхана салып жарысуда.

Тойхана
Фото: KAZ.NUR.KZ

Қарқынды жүріп жатқан құрылысқа қарап, пандемия жағдайында өмір сүріп жатқаныңызды бір сәт ұмытып та қаласыз.

Тойхана
Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал мейрамхана құрылысына кеткен қаржысының қалтасына кері қайту-қайтпауы кәсіпкердің бір өзіне ғана мәлім.

Тойхана
Фото: KAZ.NUR.KZ

Жол бойында құрылысы біткен тойханалар да бар. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, олардың бірқатары 2020 жылы ашылып үлгерген. Тойханалардың кейбірі биік дуалмен қоршалып, алдына қақпа орнатылыпты.

Мейрамхана
Фото: KAZ.NUR.KZ

Портал тілшісінің алдынан құрылысы бітуге таяу қалған тойхананы әрлеушілердің бригадирі кезікті. Өздері құрылысына кіріскен жай тойхана емес, шағын кешен. Мұнда бригадирдің айтысына қарағанда, үстіңгі қабатында қонақ үй, астында 500 адамға арналған банкет залы болмақ.

«Тойхана-кешеннің құрылысы тамызда бітеді. Қожайыны сол кезде ашамын деп отыр. Білмеймін, әйтеуір бізді асықтырып жатыр. Пандемия, карантин десе де, тез қимылдауымызды сұрап жатыр. Соған қарағанда Алматыда тойхана ашу табысты бизнес болып тұрған шығар. Біз кешеннің ішкі, сыртқы әрлеу жұмысын істеп жатырмыз», - дейді құрылысшылардың бригадирі.

Айта кетейік, бүгінге дейін аталған көшеде бір жылда сегіз тойхана ғимараты тұрғызылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.