Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 12 жастағы бала жүргізген көлік апатқа ұшырады (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

Көкшетауда 12 жасар бала әкесінің Mitsubishi Pajero көлігінің рульіне отырып, жол апатына ұшырады деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамырда кешкі сағат он шамасында Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны ауланың бірінде өзінің Mitsubishi Pajero жол талғамайтын машинасын жөндеп жатқан.

Ер адам көлігін оталған күйі тастап кетіп қалған, сол сәтте ер адамның 12 жастағы ұлы салонға отырған.

Бала абайсызда берілістің қорабының тетігін қозғап, көлік алға қарай қозғала бастаған, 8 наурыз көшесіндегі үйдің ауласындағы темір қоршауға соғылған.

Тәртіп сақшылары баланың әкесі болған жағдайды тәртіп сақшыларына ескертпей, оқиға орнынан кетіп қалғанын атап өтті.

Бірақ жағдайға бейжай қарамаған тұрғындар оқиғаны камераға түсіріп, видеоны әлеуметтік желілерге жариялаған.

Еске салсақ, 16 мамырда сағат 14.45-те Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Көкшетау-Атбасар тас жолының 14-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды деген хабарлама келіп түскені туралы жазған едік.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері "Toyota land cruiser" маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп өтіп, басып озу маневрін жасап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан "Nissan maxima" маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол бергенін анықтады. Соққыдан "Nissan maxima" автокөлігі Көкшетау қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Mitsubishi Canter" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913087-koksetauda-zol-talgamaityn-kolikti-tizgindegen-bala-zol-apatyna-usyrady-video/

pixel