Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында үш көліктің қатысуымен жантүршігерлік апат болды: балалар зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: gov.kz

16 мамырда сағат 14.45-те Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Көкшетау-Атбасар тас жолының 14-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды деген хабарлама келіп түсті. Зардап шеккендер бар деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің ресми сайты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері "Toyota land cruiser" маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп өтіп, басып озу маневрін жасап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан "Nissan maxima" маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол бергенін анықтады. Соққыдан "Nissan maxima" автокөлігі Көкшетау қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Mitsubishi Canter" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орны
Фото: gov.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Көкшетау қаласының жергілікті облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен: "Mitsubishi Canter" маркалы автокөлігінің жүргізушісі, "Nissan Maxima"маркалы автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы жеткізілді. "Nissan Maxima" а/м жолаушылары - кәмелетке толмаған екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Оқиға орны
Фото: gov.kz

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. "Toyota Land Cruiser" а/м жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды. Сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912942-aqmola-oblysynda-us-koliktin-qatysuymen-zantursigerlik-apat-boldy-balalar-zardap-sekti-foto/

pixel