Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда стипендияны төлеу тетігі өзгерді

Опубликовано:

Студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Енді студенттердің стипендиясы бұрынғыдай жоғары оқу орындарының шотына аударылмайды. Бұл туралы білім министрлігінің аппарат жиналысында айтылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Енді студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы тікелей олардың картасына түседі. Яғни, соңғы отыз жылда шәкіртақы, ең алдымен, жоғары оқу орындарына аударылатын. Студенттерге стипендия төлемес бұрын оқу орындары оның оқу үлгеріміне қарайды. Біз осы тұста көптеген тәуекел барын байқадық", – деді Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында.

Ол жаңа жүйеге толығымен шілде айында көшу жоспарда бар екенін атап өтті.

Министрдің орынбасары Бибігүл Асылованың айтуынша, жаңа механизм бойынша стипендияны қаржыландыру функциясын енді қаржы орталығы жүзеге асырады.

"Яғни, қаржы орталығы стипендиямен қамтамасыз етудің операторы болады. Ақша жоғары оқу орындарына бөлінбейді, олардың шотында қалмайды. Бұдан бөлек, стипендияны аудару процесі толық автоматтандырылады", – деді вице-министр.

Айтуынша, қазір білім министрлігі жоғары оқу орнының стипендия туралы ақпаратын еш тексерместен қабылдайды. Ал қаржыландыру жоғары оқу орнының жауапты қызметкері, бас есепшісі және ректоры қол қойған орындалған жұмыс актілері негізінде жасалады. Енді студенттердің оқу үлгерімі, статусы ақпараттық жүйе арқылы тексеріледі.

"Стипендияны төлеу мына схема бойынша жүргізіледі: бірінші кезеңде қаржы орталығы пилоттық режимде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдармен келісім бекітеді. Содан кейін жоғары оқу орындары ақпараттық жүйеде гранттағы студенттер контингенті, оқу үлгерімі, статусы туралы мәлімет береді. Қаржы орталығы бұл мәліметтерді мемлекеттік органдардың деректер базасымен салыстырады. Осының бәрі аяқталғаннан кейін ақпараттық жүйе стипендия мөлшерін автоматты түрде есептеп шығарады", – деп түсіндірді Асылова.

Шәкіртақы студенттердің картасына екінші деңгейлі банктер арқылы аударылады.

Бұл ретте министрлік стипендияны касса арқылы қолма-қол ақшамен төлеуден толық бас тартуды көздеп отыр.

Асылова ақпараттық жүйе іске қосуға толығымен дайын екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913106-qazaqstanda-stipendiyany-toleu-tetigi-ozgerdi/

pixel