Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағатына бір адам: СҚО-дағы өлім-жітім деңгейі тарихи максимумға жетті

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы өлім деңгейі бойынша тарихи көрсеткішке жетті. Аймақта күн сайын орта есеппен 22 адам, яғни сағатына бір тұрғын көз жұмады деп хабарлайды Петропавловск.news.

Басылымның хабарлауынша, 2020 жылы 13 жылда алғаш рет өлім-жітім деңгейі туу деңгейінен асып түскен. Өңірде 6886 бала дүниеге келіп, 7577 адам қайтыс болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2021 жылдың алғашқы 90 күнінде туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырмашылық 300-ден астам адамды құрады.

Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Солтүстік Қазақстан облысында 1587 жаңа туған нәресте тіркелді, ал сол уақытта 1958 адам қайтыс болды. Өлімнің негізгі себептерінің қатарына тыныс алу жүйесі аурулары (19,8%), қанайналым жүйесі аурулары (14,1%), өскін аурулары (8,2%), ас қорыту мүшелері аурулары (7,5%), жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттар (6,7%) жатады.

Өңірдегі өлім-жітім халықтың мыңына шаққанда 14,67 құрады. Бұл соңғы 30 жылдағы тарихи максимум. Халық саны жылдам азайып барады.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыста 542,5 мың адам тұрды, бір жыл ішінде халық саны 5 мың тұрғынға азайған.

Еске салсақ, 18 мамырдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 50 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап барлығы 54153 адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырған, сонымен қатар 863 өлім жағдайы тіркеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913118-sagatyna-bir-adam-sqo-dagy-olim-zitim-dengeii-tarixi-maksimumga-zetti/

pixel