Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауықтың сүйегі мен терісін талғажау еткен атыраулық отбасы елдің жүрегін сыздатты

Опубликовано:

тауық еті
Фото: Еркін Әділбекұлының Facebook парақшасынан

Атырауда дәмханадан қалдық боп шыққан тауықтың сүйегі мен терісін тамақ үшін пайдаланатын отбасы желі қолданушыларының жүрегін сыздатты. Жергілікті дәмханада істейтін кәуапшы отбасына аптасына бір рет еті бар сүйек беріп, қол ұшын созуға уәде берді. Жігіттің бұл әрекетіне көпшілік тәнті болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркін Әділбекұлы есімді желі қолданушысы кәуап пісіруге арналған еттен қалған сүйектерді итіне берем деушілерге хабарландыру жазған. Алайда 30 кг сүйек-саяқты алушы отбасы оны иті емес, өздері жейтінін айтқан.

Кәуапшы мұнайлы өлкеде тауық сүйегін талғажау еткен отбасы тұратынына қатты таңғалған.

"Итке сүйек-саяқ бар" деп хабарландыру бергенмін ғой. Әйтпегенде күн ыстық, қоқысқа тастасаң, жәшікте ертеңге дейін сасып жатады. Содан бір әйел хабарласып, баласын жіберді. Белсебетпен келген балаға 30 кг сүйекті артып бердім. Неше күн жейді мұны итің? - деп сұрадым баладан.

- Бізде ит жоқ аға.

- Қалай сонда? Мұны кімге алып жатсыңдар?

- Өзімізге. Біз жейміз, аға.

Жүрегім шым ете қалды. Мұнайлы өлкенің халқы мұндай болмауы керек қой! Көз алдыма жалаңаш сүйекті мүжіп жатқан балалар елестеп кетті", - дейді ол.

Кәуапшының жазбасы желіде қызу талқыға түсті.

"Ойбай ай, жүректі сыздатып...нәлеті қу жоқшылық", " Осылай суп набор ішіп отырғандар көп қой ", " Оқып отырған біздің жүрек сыздап қоя берді..." - деді пікір білдірушілер.

Еркін Әділбекұлы жалаңаш сүйекті мүжіген отбасына аптасына бір рет қуырып жеуге болатындай ет беруге уәде етті. Оның бұл әрекетіне алғыс айтқандар қарасы көп.

"Кішкене болса да көмек қолыңды созғаныңа рақмет. Алланың ризашылығы жаусын сізге!" "Алла жар болсын" - деп алғыс жаудырды оған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913121-tauyqtyn-suiegi-men-terisin-talgazau-etken-atyraulyq-otbasy-eldin-zuregin-syzdatty/

pixel