Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда үй қызметкері жұмыс берушісінің 56 миллион теңгесін ұрлап кеткен

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда 56 миллион теңгені қолды еткен ұры Шымкентте табылды. Ол үй қызметкері болып жұмыс істеген деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 46 жастағы әйел наурыз айында құқық қорғау органына жүгініп өзінің пәтеріндегі сейфтен 56 миллион теңге жоғалып кеткенін айтқан.

"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар барысында жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы сейфті ашып, ақшаны жасырын жымқырған, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 42 жастағы азаматшаны анықтады. Күдікті қаладан кетіп үлгерген, ол Шымкент қаласында ұсталды", -  деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін оралдық ерлі-зайыпты Ғұсмановтар банк қызметкеріне алданып, тақырға отырғанын жазған едік. Олардың айтуынша, менеджер несиені арзан пайызбен рәсімдеуге уәде еткен. Бірақ сөзінде тұрмай, несиені жоғары пайызбен беріп, қарызға батырыпты.

Сонымен бірге, өз әжесінен бір миллион теңге ұрлаған оралдық азамат ұятқа қалған болатын.

1992 жылғы тұрғын өз әжесін коммуналдық және басқа төлемдерді төлеу үшін телефонына банктің мобильдік қосымшасын орнатуға көндірген.

Содан кейін зейнеткердің банктік шотына кіруге мүмкіндік алып, ақшаны өзінің есепшотына аударып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913152-atyrauda-ui-qyzmetkeri-zumys-berusisinin-56-million-tengesin-urlap-ketken/

pixel