Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рамазан, Медина": Оразада балаларға ең көп қойылған есімдер анықталды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: https://www.marieclaire.ru/

Ұлттық статистика бюросы сәуір айында дүниеге келген сәбилерге ең көп қойылған есімдер тізімін жариялады. Бюро мәліметіне сәйкес, сәуір айы қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен балаларға діни есімдер көп қойылған. Ұлдар арасында Рамазан, қыздар арасында Медина есімі көш бастап тұр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар сәуір айында дүниеге келген сәбилеріне Рамазан мен Медина есімін беруді жөн санаған. Нақтылап айтар болсақ, ораза айында өмір есігін ашқан 572 қыз бала Медина деп ат алған. Бұл қасиетті Медина қаласының құрметіне қойылған есім.

Оразада қыз балаға көп қойылған есімдер қатарында Раяна (476) мен Айша (415) бар.

Қасиетті айда туылған ер балаларға Рамазан есімі көп берілген. Мұндай есімді сәуір айында өмірге келген 1 133 балаға қойылды. Сондай-ақ, Айсұлтан (378) және Әлихан (329) есімдері де осы айда балаларға жиі берілген.

Жалпы алар болсақ, 2021 жылдың алғашқы үш айында елімізде 100 454 сәби дүниеге келді.

Әзірге балаларға ең көп қойылған үздік үш есім қатарында Әлихан (6 081), Айсұлтан (4 486) және Нұрислам (3 929) бар.

Қыздар арасында Медина (6 503), Айлин (6 503) және Айша (6 120) есімдері көш бастап тұр.

Одан бөлек, қазақстандықтар Рамазан, Алдия, Әмір, Әлинұр, Әли, Ибраһим, Санжар, Ислам, Арсен, Омар, Раяна, Асылым, Айзере, Аяла, Айым, Томирис, Айару, Сафия, Айкөркем, Кәусар есімдерін балаларына жиі қояды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913477-ramazan-medina-orazada-balalarga-en-kop-qoiylgan-esimder-anyqtaldy/

pixel