Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тегін үй, 5 сиыр беріледі": Айтыскер Торғайдағы ауылға көшіп баратын көпбалалы отбасыларды іздейді

Опубликовано:

Айбек Қалиев
Фото: Facebook/Айбек Қалиев

Белгілі айтыскер Айбек Қалиев Торғайдағы екі ауыл мектебінің жабылуға шақ қалғанынын айтып дабыл қақты. Қазақ ақыны мектеп жабылса, бүтін ауылдың болашағы не болмақ деп алаңдаулы деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қостанай облысына қарасты Шилі және Милісай ауылындағы мектептер бала санының аздығына байланысты жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы айтыскер Айбек Қалиев өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Өткен аптада Торғайдың Шилі, Милісай ауылдарында болып қайттым. Бір-екі жылдың көлемінде Қайрат Ділханов бастаған ауыл азаматтары ауыл мен мектепті жаптырмас үшін қыруар шаруа атқарды.
Қызылордадан оннан астам жанұяны көшіріп әкеп үймен қамсыз етіп, алдарына мал салып берді. Екі ауылға мешіт салды. Алайда екі ауылдың мектебіне тағы қауіп төніп тұр", - деп алаңдаушылық білдірді Айбек Қалиев.

Оның айтуынша, егер аталған екі ауылға көшіп келем деушілер болса, оларға баспана, бес сиыр, ұсақ мал беріледі.

"Шилі мектебінде 53, Милісай мектебінде 67 бала оқиды екен. Ауданнан келген өкілдер бүгінге дейін уақыт берген екен, оқушы санын көбейтуге. Шилі ауылы көп балалы отбасылар көшіп келгісі келсе деп екі үй дайындап қойыпты, келген отбасыға бес сиыр, ұсақ мал беріп, екі жылдық отын-суы мен жем-шөбін ауыл тұрғындары өз мойындарына алмақ.

Бір жабылған мектепті қайта ашу мүмкін емес екен. Мектеп жабылса, ауылдың да болашағы жоқ! Сондықтан Шиліден шыққан азаматтар бір балаларыңызды ауылға жіберіп оқытсаңыздар да мектепті құтқарып қалуға ат салысыңыздар!", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913585-tegin-ui-bes-siyr-beriledi-aitysker-torgaidagy-auylga-kosip-baratyn-kopbalaly-otbasylardy-izdep-zatyr/

pixel