Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамның жүрегін ауыртқым келмейді": Он жасар балақай еміне жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Еркебұлан Дүйсебай
Еркебұлан Дүйсебай: Жеке мұрағат

Алматы қаласының кішкентай тұрғыны Еркебұлан Дүйсебай туабітті сал ауруына шалдыққан. Бүгінде балақай бірнеше рет ота жасатып, қанша қиын болса да, аяғынан тік тұру үшін талпынуда. Алайда, жалғызбасты әрі көпбалалы анасының ғана жанұшырып еміне дауа іздегені әзірге жеткіліксіз болып тұр. Кезекті рет оңалту шараларына аттануы тиіс балақайдың еміне 800 мың теңге көлемінде қаражат жетпейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркебұлан үйдегі төрт баланың үлкені. Жақында он жасқа толған ол туабітті сал ауруына шалдыққан. Денсаулық жағдайы мен әлеуметтік тұрмысының қиындығына қарамай, анасы Қаршыға Еркебұланды алыс-жақын ауруханаларға апарып, емдетіп жүр. Алайда, бір жағынан жұмыссыз, бір жағынан пәтер жалдап тұратын көпбалалы жанұя үшін Еркебұланның еміне ақша табу күн санап қиындап барады.

«Әлемде мен секілді дертке ұшыраған балалардың көп екендігін білемін. Қанша жерден қиын болса да, жүруге, аяғыма тұруға талпынамын. Мен үшін анам ғана шырылдап жүгіреді. Ол кісінің де кейде бар амалы таусылғандай көрінеді. Қиналады. Сол кездерде мен өзімді мүлде нашар сезінемін. Өз аяғыммен жүріп, анама ауыртпалық салғым келмейді», - дейді Еркебұлан.

Бүгінде Еркебұлан Дүйсебай анасы және қарындастарымен бірге қала шетіндегі туыстарының баспанасын пана қылуда. 25 мамыр күні ол Қызылорда қаласында кезекті рет оңалту шараларына баруы тиіс еді. Алайда, 1 200 000 мың тұратын емдік шаралар үшін 800 мың теңге жетпей тұр.

Осы орайда, он жасар Еркебұланға көмектесем дейтін жомарт жандар табылса, төмендегі рекзивиттердің жұмыс істейтінін хабарлаймыз:

Kaspi gold: 8 705 602 49 19 немесе 5169 4931 8472 4097 Каршыга А.

Телефон нөмірі: 8705 602 49 19

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913673-anamnyn-zuregin-auyrtqym-kelmeidi-on-zasar-balaqai-emine-zanusyra-komek-surady/

pixel