Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір сағаттық әке": Елімізде оғаш қызмет түріне сұраныс артуда (видео)

Жарияланған күні:

Әкесі мен қызы
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде ұл тәрбиелеп жатқан жалғызбасты әйелдер тарапынан "бір сағаттық әке" қызмет түріне сұраныс артқан деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Олар баласын нағыз ер азамат етіп тәрбиелеу үшін өмірлік тәжірибесімен, білген-түйгенімен бөлісіп, ақыл-кеңесін аямайтын ер адамдарға көбірек жүгінетін болған. Әлеуметтанушылар болса, соңғы жылдары жалғызбастылардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы.

Мәселен, елімізде әрбір төртінші жанұяның дәм-тұзы жараспай, некесі бұзылыпты. Былтырдың өзінде 48002 жұп ажырасып тынған дейді Ұлттық статистика бюросы. Ал жалғызбасты аналардың саны тіптен 600 мыңға жуықтапты.

"Соңғы 2019 жылғы жүргізілген зерттеу жұмыстарына сәйкес, 540 мың жалғызілікті ана тікркелген, сондай-ақ 68 000 балаларын тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке бар. Бұл тенденция, яғни, моно-отбасылар көбейіп жатыр дегенді білдіреді. Дәл осы типтегі отбасыларға мемлекет тарапынан психологиялық тұрғыдан ешқандай қолдау жоқ. Ал анасыз қалған балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер азаматтар жайлы айтудың өзі қиын", - дейді әлеуметтанушы Татьяна Резвушкина.

Осы орайда ер баланы тәрбиелеп отырған кей аналар ұлға кеңес айтып, ер мінезді болып қалыптастыруына ықпал ететін әкелер кеңесі болса деген ұсыныс айтыпты.

"Жалғызбасты аналардың ер бала тәрбиелеу мәселесі. Ер бала өсіп келе жатыр, көмек беретін адам жоқ. Сол кісілердің тарапынан көмек сұрағаны есімде. "Муж на час" дегендей бар ғой. Бір сағаттық әке кеңесі деген қызмет пайда болса екен дейді. Сондай сауалдар туып жатыр", - дейді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова.

Сайып келгенде қыз-келіншектердің ажырасуға негізгі себептерінің бірі - арқа сүйер ер азаматтардың жауапкершілігінің жоқтығы! Одан бөлек әлсіз болуы да ажырасуға себеп болып жатады екен.

"Әйел адамдардан сұрасақ, жалғызбасты дегенде, әлсіз болуы дейді. Ер адамдарға сене алмаймыз, асырай алмайды. Рөлінің төмендеп келе жатқаны", - дейді Оразбекова.

Жалпы, ажырасу бойынша көшбасында Алматы тұр. Сандарға сенсек, 2020 жылы 5284 ерлі-зайыптының шаңырағы шайқалыпты. Сондай-ақ, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан өңірлерінде де некені бұзу дерегі жоғары болып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913684-bir-sagattyq-ake-elimizde-ogas-qyzmet-turine-suranys-artuda-video/