jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қасым мен Жомарт есімді сәбилерге аспаннан жұлдыздар тағайындалды

Қасым Жомарт
Фото: Жанболат Кәдірбектің отбасылық мұрағатынан

Дүние есігін жақында ашқан сәбилер Қасым мен Жомартқа ерекше тосын сый жасалып, аспаннан жұлдыздар тағайындалды деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтай жеті тілді меңгеріп, ел басқаратын азамат болсын деген ниетпен ата-анасы егіздеріне осы есімдерді таңдаған екен.

Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы бүлдіршіндерге ерекше сыйлық жасап, аспандағы екі жұлдызды сәбилердің атымен рәсімдеп берген.

Мұндай тосын сыйды "Қайырлы таң" таңғы хабарының студиясына арнайы келген қонақ, кітапхана директоры Үмітхан Мұңлыбаева табыстады.

Еске салсақ, бұған дейін елордада Қасым және Жомарт атты егіз ұл бала дүниеге келгенін жазған едік.

Егіздер 30 наурызда дүниеге келген. Ұлдардың туған кездегі салмағы 2,3 және 2,1 келі болыпты. Ал бойлары бірдей - 48 сантиметр. Нәрестелердің ата-әжесі немерелері мен келінін қырқынан шыққанша күтіп-баптауды өз мойнына алған. Ата-анасының сөзінше, қазір балалардың хал-жағдайы жақсы.

"Егіздер наурыздың 30-ында дүниеге келді. Әкелері Жанболат Кәдірбек - Ұлттық академиялық кітапханада программист болып істейді. Жасы 28-де. Егіздер туғанда кітапхана басшысы аттарын Қасым, Жомарт деп қою туралы ұсынысын айтты, біз келісе кеттік. Ұлым енді үш баланың әкесі болды", - дейді Кәдірбек Мұратбек.

Қасым мен Жомарт 15 мамырда қырқынан шықты, отбасы мүшелері жақындарын шақырып, шілдеханасын өткізді.

Қасым мен Жомарт есімді сәбилерге аспаннан жұлдыздар тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.