Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-аналар қауымдастығының өкілдері жаңа буын мектептерінің құрылысын талқылады

Опубликовано:

Фото
Фото: BI Group

Бүгін Нұр-Сұлтанда ата-аналар қауымдастығы мен BINOM Schools басқарушы компаниясының өкілдері бас қосты. Жиында ата-аналар көкейіндегі мәселелер көтеріліп, BINOM Schools жаңа буын мектептері мен ондағы білім жүйесі кеңінен талқыланды.

Бүгінгі күні Қазақстандағы мектеп тапшылығы мен білім сапасы ең өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. ҚР БҒМ мәліметінше, ел аумағында 7 429 мектеп жұмыс істейді, онда 3,4 млн бала білім алады. Бұл мектептердің 137-сі үш ауысымды. Тағы 34 мектеп апатты жағдайда. Жалпы Қазақстан бойынша 260 мың оқушы орын тапшылығын сезінсе, елорданың өзінде 26 мың баланың мектептегі өзіне тиесілі орны жоқ. 2020 жылғы бала туу көрсеткіші бойынша жаңа рекордты (460 мың сәби) ескерсек, мектеп санын көбейту және оқу үрдісіне жаңашылдықтар енгізу мен адами капиталды дамыту кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын BINOM Schools инновациялық жобасы – білім беру саласындағы биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі. Ел тарихында алғаш рет қазақстандық оқушылар халықаралық сапалы білімді тегін ала алады. Мұндағы оқу үдерісі білім берудің қазақстандық моделі мен халықаралық (Финляндия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея) озық жүйелер негізінде ұйымдастырылатын болады. Мектеп шығыс ғұламасы, ұлы философ - Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері негізінде құрылған "Amanat" – құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, үнемі дамып отыру сияқты құндылықтарға негізделген.

Фото
Фото: BI Group

Мектептегі оқу екі ауысымда, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жаңа буын мектептеріне оқуға түсу үшін оқушыларға ешқандай талап қойылмайды.

BINOM Schools оқушыларға зияткерлік, физикалық, психологиялық және көркемдік-эстетикалық, т.б. бағыттар бойынша қосымша сабақтар ұсынады. Білім ордасында «Kitap time», «Ұлттық код», «Домбыра дастан», «ТОП-7» Amanat, «Ата жұрт» сынды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылатын болады. Оған қоса, сандық ортаны қалыптастыру мақсатында мектеп электронды парталар және заманауи жабдықтармен толықтай қамтамасыз етіледі.

Фото
Фото: BI Group
« BINOM Schools-тағы білім беру процесі физикалық денсаулықты, шығармашылық қабілеттерді, эмоционалды зияткерлікті, академиялық білім мен дағдыларды дамыту арқылы жүзеге асырылатын оқушылардың әл-ауқатын, сапалы оқуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұнда коворкинг аймағын, кинозал мен телестудия, жас көрермендер театрын, Speaking Club, дебат клубтарын, ТEDxBinom және т.б.-ын ұйымдастыру арқылы оқушыларға үш тілді жоғары деңгейде меңгеруге қосымша мүмкіндік берілмек»-, дейді BINOM Schools басқарушы компаниясының директоры Шолпан Қадырова.

Мектептердің атап өтуге тұрарлық артықшылықтарының бірі –инклюзивтік білім беру мүмкіндігінде. Binom мектептерінде ерекше қажеттіліктер үшін пандустар, лифтілер, арнайы дәретхана кабиналары, төмен ілінген қосымша тақталар және т.б. қарастырылған.

«Мектептердің тұжырымдамасы көңілімізден шықты. Инклюзивті топтарға жалпы білім беретін мекемелерде оқуға мүмкіндік беру – ең дұрыс шешім. Біз бұл арқылы қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастырып, бауырмашылдық пен рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелей аламыз. Мектептерде балаларымыз өз тың идеяларын жүзеге асыра алатын Start-up Nation орта құрылса деген ұсынысым бар», - дейді ата-аналар қауымдастығының өкілі, көпбалалы ана Ұлжан Орсариева.

Ал блогер-белсенді Гүлнар Умарова:

Біздің балаларымыз әлемдік стандарттарға сай білім алуға тиісті. Мұндай мектептерді тек еліміздің бас қалаларында ғана емес, ауылдарда да көптеп ашуымыз қажет. Ауыл мен қала арасындағы айырманы жою керек. Сондай-ақ ұстаздардың әлеуметтік статусын көтеруді, оларға тиісті деңгейде жағдай жасауды басты назарда ұстау қажет. Осындай мектептерді көптеп ашу осы мәселелерді шешуге өз септегін тигізетіні сөзсіз, - дейді.
Фото
Фото: BI Group

Аталмыш білім ордаларында оқушылар мен мектеп өміріне белсенді атсалысатын ата-аналар мектебін ұйымдастыру да көзделіп отыр. Сонымен қатар, ата-ана үшін маңызды қауіпсіздік мәселесіне де аса ден қойылған. Әрбір мектепте 145 ішкі және сыртқы бейнебақылау орнатылатын болады.

Айта кетейік, жобалық қуаттылығы әр ауысымда 2000 оқушыға есептелген алғашқы төрт мектеп биыл іске қосылады. Осылайша, BINOM Schools жобасы ел астанасындағы 16 мың баланы мектеп орнымен қамтамасыз етпек. Білім желісінің алғашқы қарлығашы өз есігін осы жылдың қыркүйек айында Nova City мөлтекауданында ашады. Мектепке қабылдану үшін өтінімдер https://mektep.snation.kz/ru.nqz сайтында жүзеге асырылуда. Binom Schools жайында толық ақпаратты www.binom.edu.kz сайтынан алуға болады.

Фото
Фото: BI Group

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913747-ata-analar-qauymdastygynyn-okilderi-zana-buyn-mektepterinin-qurylysyn-talqylady/

pixel