Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та әскери техниканы сүйіп тұрған қазақстандықтың фотосы қызу талқыланды

Опубликовано:

Әскери қызметші
Фото: reddit.com

АҚШ-та қазақстандық әскери қызметшінің фотосы желі қолданушыларының талқысына түсті. Америкалықтарды оның қай жерде және неліктен әскери техниканы сүйіп тұрғаны қызықтырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

АҚШ-та желі қолданушылары қызу талқылап жатқан фото форум бетінде бірнеше күн бұрын жария болған. Ал сурет Халықаралық әскери ойындар - 2019 кезінде түсірілген. Фотода еліне жеңіс сыйлаған техникасын сүйіп тұрған қазақстандық минометшы.

Америкалықтар суретке түрлі пікір жазып қалдырған.

"Маған бұл қай ел екені қызық болып тұр", "Қазақстанға ұқсайды", "Егер Қазақстан болса, техникасы БРТ немесе БМП болып тұр ғой", " Қалай болғанда да маған ұнап тұр. Меніңше, ол өз машинасының қадірін білетін жігіт", - дейді олар.

Еске сала кетсек, АрМИ-2019 «Отар» 40-әскери базасында өткізілген. Фотодағы қазақстандық гранатометшы ефрейтор Гайбутдин Абдрахманов болуы мүмкін. Сол жылы халықаралық ойындарға Әзербайжан, Қазақстан, Армения, Белоруссия, Ресей, Венесуэла, Зимбабве, Қытай, Иран, Қырғызстан, Сирия, Өзбекстан қатысқан.

Қазақстанның әскерилері сол кезде жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды. Қазақстандық минометшылар барлығын басып озып, "Артиллерия оқ ату шеберлері" атағын иеленген болатын.

2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл маңызы бөлек іс-шараға Қазақстан тарапы үнемі белсенді қатысып, әскери ойындардың барлық түрлерінде біздің сарбаздар мен жауынгерлер ең жақсы нәтижелер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913797-aqs-ta-askeri-texnikany-suiip-turgan-qazaqstandyqtyn-fotosy-qyzu-talqylandy/

pixel