Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда велосипед теуіп жүрген 11 жастағы екі баланы автокөлік қағып кетті

Опубликовано:

Велосипедте отырған бала
Көрнекі фото: pexels.com

Оралда автокөлік велосипед теуіп жүрген 11 жастағы екі баланы қағып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға қалаға қарасты Круглоозерный кентінде болды.

"49 жастағы жүргізуші "Лада Калина" автокөлігімен балалар алаңы маңында жүрген 11 жастағы екі баланы қағып кеткен. Зардап шеккендер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – деді Болатбек Белгібеков.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 13.43-те шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Алдын ала мәліметке қарағанда, 11 жасар екі бала жабық бас-ми жарақатын алған, милары шайқалған. Екеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында мемлекеттік нөмірі жоқ мотоцикл тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші велосипед теуіп бара жатқан баланы қағып кеткен болатын.

Оған қоса, Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды автокөлік қағып кеткен еді. Оқиға орында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрда екі жедел жәрдем көлігі мен көлік кептелісі және көмекке ұмтылған адамдардың абыр-сабыр болып жатқаны көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913818-oralda-velosiped-teuip-zurgen-11-zastagy-eki-balany-avtokolik-qagyp-ketti/

pixel