Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ойнап жүрген оқушыға 20 сантиметр қазық қадалып қалды

Опубликовано:

төсек аурухана
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шымкент қаласында өз үйінің ауласында ойнап жүрген 11 жастағы балаға 20 сантиметр қазық қадалып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Оқиға күні кеше орын алған. Оқушы жерге қадалып тұрған қазыққа құлап түскен. Салдарынан сол жақ кеуде тұсына ұзындығы 15-20 см темір қазық кіріп кетіп, өкпесін зақымдаған. Бала шұғал түрде ауруханаға жеткізілді. Оған дереу ота жасалды. Дәрігерлер қазықтың жүрек тұсына жақын болғанын айтады.

"Науқас кеше кешкі уақытта біздің ауруханаға жеткізілді. Құрсай елді мекенінде тұрады екен. Келгендегі жағдайы өте ауыр болды. Дереу ота жасадық, өкпесін тіктік. Біраз қан жоғалтқан, оның орнын толтырдық. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, ол қалалық балалар ауруханасына ауыстырылды", – деді Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың хирургия қызметінің жетекшісі Талғат Шәуенов.

Ақ халаттылар әсіресе жаз айларында балалар жарақаты жиілейтінін айтады. Көп жағдайда ойнап жүрген кезде жарақат алады. Сол үшін дәрігерлер ата-аналардан балаларына бас-көз болуды сұрайды.

Еске салсақ, Оралда велосипед теуіп жүрген 11 жастағы екі баланы автокөлік қағып кеткені туралы жазған едік.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, зардап шеккендер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке қарағанда, 11 жастағы екі бала жабық бас-ми жарақатын алған, милары шайқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913824-symkentte-oinap-zurgen-oqusyga-20-santimetr-qazyq-qadalyp-qaldy/

pixel