jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

қаулы
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" жобасын енгізу туралы" жаңа қаулысы жарияланды. Құжаттың мәтіні ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаулы бойынша "Ashyq"қосымшасын қолдану аясы кеңейтіледі. Атап айтқанда, ол арқылы Шымкент, Түркістан, Ақтау және Қостанай әуежайларына кіру жүзеге асырылмақ.

Қазақстандықтар арасында CAVID-19 таралуының алдын алу мақсатында Ерлан Қиясов қаулы етті:

Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру таратылсын:

  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  10. бильярд клубтары;
  11. концерт залдары;
  12. ерікті қатысушылар;
  13. караоке;
  14. көрмелер;
  15. океанариум;
  16. марафондар;
  17. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  18. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
  19. Алматы қаласының әуежайы;
  20. (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
  21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Қазақстанның Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.