jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады

күн ыстық
Көрнекі фото: luxtopfit.com

24 мамырда Қазақстанның бірнеше облысында қатты ыстық болады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 мамырда Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17 м/с-қа жетеді. Ертең Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 38-42 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжануда.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, күндіз 33-38 градусқа дейін қатты ыстық болмақ. Петропавлда күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде.

Қостанай облысында 24-25 мамырда күндіз 38 градусқа дейін ыстық сақталады. Ертең Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 39 градус қатты ыстық болады. Атырауда 24 мамырда күндіз 36-38 градус аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.