jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Еліміздің екі қаласында 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

"Сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

"Облыс бойынша "жасыл" аймақта тұрған қала-аудандардағы қоғамдық тамақтану орындарына толтырылуын 50% дейін, жалпы келушілерді 70 адамнан асырмай, сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал жазғы алаңдар шектеусіз жұмыс істейді. Банкет залдарына толтырылуын 50%, қонақтар санын 70 адамнан асырмай еске алу шараларын өткізуге болады", - делінген Бас санитар дәрігердің қаулысында.

"Сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат беріліп отыр.

"Сондай-ақ, аталған екі қала мен аудандағы қоғамдық тамақтану орындары толтырылуын 50%, жалпы келушілерді 50 адамнан асырмай, сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал жазғы алаңдар сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген қаулыда.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына қатысты түсініктеме бергенін жазған едік.

Одан бөлек, 23 мамырдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұрғанын жазған болатынбыз.

Еліміздің екі қаласында 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.