Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескі шаңсорғыштан робот құрастыруды табысына айналдырған қазақ жігіті туралы не білеміз (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: "Еуразия" бірінші арнасы

Талғар қаласының тұрғыны Қуаныш Мұхамеджанов істен шыққан шаңсорғыштарды кәдеге жаратып, кәдімгі робот құрастырады. Шебердің алғашқы туындысы "Бамблби" деп аталады. Ол оны 35 жасында құрастырып, кейіннен, ел-жұрт көріп, қызықсын деген оймен өзінің дәмханасының алдына орналастырып қойыпты деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Қуаныш Мұхамеджановтың айтуынша, бір ғана жасанды кейіпкерді дайындап шығу үшін кем дегенде 15 ескі шаңсорғышты жинауы қажет. Ол үшін жылдар керек екен. Сондықтан, автор ескі, жарамсыз шаңсорғышты пиццаға айырбастаймын деп жарнама іліп, 300 шаңсорғышты жинап алғанын айтады.

"Қозғалтқыш, микросхема тоқтарын отдельно жинаймын. Одан кейін керек заттарын металлоломға тапсырамын", – дейді Талғар қаласының тұрғыны Қуаныш Мұхамеджанов.

Өнертапқыш Динозаврды 3 айда жасап шығарған. Темір қалдықтардан құрастырылғандықтан, салмағы да ауыр. Бір тоннадай болады. Енді осыған ұқсас тағы біреуін жасауды көздеп жүр.

Айтпақшы, бұған дейін тек ер роботтарды құрастырып келген Қуаныш кейінгі жылдары әйел тектес трансформерларды да жинауды қолға алған. Бірақ оның өзіне тән ерекшелігі мен машақаты бар. Себебі әйелге тән ерекшеліктері болуы шарт. Ол осындай бірнеше туындыны жасауға алты айдан астам уақытын сарп еткен.

"Дайын бес робот бар. Әйел робот. Мына робот та шаңсорғыштан жасалған. Арты ойыншық машинкадан жасалған. Тағы мына жасыл түсті робот бар. Жасыл түсті шаңсорғыштар кетті. Қаруы да шаңсорғыштан жасалған", – дейді Қуаныш Мұхамеджанов.

Автордың негізгі мамандығы – тіс дәрігері. Бірақ, сүйікті ермегі робот жасау болғандықтан, түпкілікті осы салаға бет бұрған. Енді кореялық "Тоботтар" атты танымал мультфильм кейіпкерлерін жасауды қолға алды.

Айтуынша, әр аймақтан тапсырыс түсетін көрінеді. Жуырда ғана, екі туындысын Нұр-Сұлтанда сатыпты. Енді өнер музейін ашуды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914046-eski-sansorgystan-robot-qurastyrudy-tabysyna-ainaldyrgan-qazaq-zigiti-turaly-ne-bilemiz-video/

pixel