Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында ер адам көршісінің баласын белдікпен сабап тастады (видео)

Опубликовано:

Белдік
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны көршісінің баласын жазалау мақсатында белдікпен сабап тастады деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық полицияның мәліметінше, оқиға 20 мамырда болған.

Жәбірленушінің анасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арызбен жүгінгені белгілі болды.

Оның сөзінше, Әуезов көшесіндегі аулада ер адам кәмелетке толмаған ұлын аяусыз ұрған.

"Бұл факт бойынша 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол балалар домофонға бірнеше рет хабарласқаннан кейін ашуға мінгенін жеткізген. Оқиғаның барлық қатысушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл жағдайға қатысты медициналық сараптама тағайындалды.

Еске салайық, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ауылдасының байлаулы итін ұрлап әкетіп, сойып жегенін жазған едік. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне "Ұрлық" бабы бойынша енгізілген болатын.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол аталған елдімекеннің бұрын сотталған 2001 жылғы тұрғыны болып шықты.

Одан бөлек, әлеуметтік желіде көзі жарақаттанған иттің видеосы тарады. Кадрлар Шымкентте түсірілген болып шықты.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында былтыр қыркүйекте хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914064-nur-sultan-qalasynda-er-adam-korsisinin-balasyn-beldikpen-sabap-tastady-video/

pixel