RU

Атырау облысында жүріп бара жатқан "Газельден" секірген әйел көз жұмды

жол апаты
Көрнекі фото: Ақ Жайық

Атырау облысында әдеттен тыс жағдайда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды Ақ Жайық.

Қайғылы жағдай 23 мамыр күні сағат 18:30 шамасында Атырау-Индер тас жолында орын алған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам әйелімен бірге "Газельде" кетіп бара жатқан уақытта көлік қатты түтіндей бастаған.

Бұны көрген ерлі-зайыптылар қатты қорыққан.

Содан ер адам көлік қозғалысы кезінде әйеліне секірген жөн деген шешімін айтқан.

52 жастағы әйел секіреді, бірақ өз көлігінің дөңгелегінің астына түсіп, көз жұмады.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар қаласының орталығында жол апаты болғанын жазған едік. Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан соң жиектастарды бұзып, жарық бағаны мен ақпараттық белгілерді қағып, жарнама тақтасына соғылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар – 6 және 15 жаста. Ешқандай ауыр жарақат жоқ. Жарақат алған 7 адам ауруханаға жатқызылды, біреуі бас тартты", – деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914130-atyrau-oblysynda-zurip-bara-zatqan-gazelden-sekirgen-aiel-koz-zumdy/