Cемейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (видео)
Жарияланған күні:

Семейде құтқарушылар эскалаторда аяғы қысылып қалған әйелге көмек көрсетті. Қысылған аяқты босатуға арнайы құрал қажет болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Семей қаласының сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қажетті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты.
Олар әйел адамды қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2427036-cemeide-aiel-adamnyng-aiagy-eskalatorga-qysylyp-qaldy-video/
