RU

Өткінші жаңбыр, желдің күшеюі: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Көктем
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде 26 мамыр күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-шығыста, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде дауыл болып, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20 м/с дейін, күндіз 15-20 м/с дейін, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түркістан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі, Қостанай облысында екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін, Жамбыл облысында екпіні 25 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл болады.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914398-otkinsi-zanbyr-zeldin-kuseyui-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/