Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Францияда наразы дәрігерлер жерге жатып алды (фото)

Опубликовано:

Дәрігерлер
Фото: Хабар 24

Францияда дәрігерлер наразылық акциясын ұйымдастырып, денсаулық сақтау министрлігінің алдындағы жолды жауып тастады. Кей ауруханалардағы хирургия бөлімінің қызметкерлері бір күндік ереуіл жариялады деп хабарлайды Хабар 24.

Наразылық шарасына үкіметтің денсаулық сақтау саласында жүргізген реформасы себеп болған.

Салдарынан қызметкерлердің өзге жұмыстарға кетуі жиілеп, мемлекеттік ауруханаларда операция бөлімдерінің жабылуы белең алған. Дәрігерлер биліктің мәселеге назар аудармауы осы денсаулық сақтау саласына зор нұқсан келтіріп жатқанын айтады.

"Иә, біздің операция бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлер де ереуіл жариялады. Өткен жолы анестезиологтар наразылық шарасын ұйымдастырған еді. Мұның барлығы елдегі денсаулық саласының сын көтермейтінін, ал реформа жағдайды өзгертпегенін көрсетеді.

Біз үкіметтен осы саладағы көп түйткілді шешу үшін қайтадан келіссөз жүргізуді сұраймыз", - дейді "INTER-BLOCS" медицина қызметкерлері қозғалысының ресми өкілі Грегори Шакир.

Еске салайық, осыдан бірнеше ай бұрын Боливия астанасы Ла-Паста медицина қызметкерлері шеруге шығып, полициямен қақтығысқан еді.

Ақ халаттылар ел президенті 17 ақпанда қол қойған заңға қарсы бас көтерген болатын. Сол құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланған.

"Бүкіл ел болып президент енгізген заңды айыптаймыз. Осындай ақылға қонымсыз құжат қабылдап, зиян тигізуді, әділдікті бұрмалауды тоқтатуды талап етеміз. Елдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Бізге түбегейлі өзгеріс керек", - деген еді медицина қызметкерлері одағының өкілі Фернандо Ромеро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914540-franciyada-narazy-darigerler-zerge-zatyp-aldy-foto/

pixel