Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цифрлық таңбалау мәселелері бойынша бизнес қайда жүгіне алады

Опубликовано:

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы
Фото: Цифрлық экономиканы дамыту орталығы

ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) аумағында, әсіресе Қазақстанда, түрлі топтағы тауарларды арнайы екіөлшемді Data Matrix кодымен цифрлық таңбалау біртіндеп енгізіліп жатыр. Бұл туралы келісімге ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер 2018 жылдың басында қол қойған.

Республикада 2020 жылдың тамызында Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы - «Қазақтелеком» АҚ жанынан мамандандырылған байланыс орталығы ашылды. Ол ЕАЭО-да сатылатын түрлі топтағы тауарларды таңбалаумен қалай болса да ұшырасатын кәсіпкерлерге көмектесу үшін құрылған. Сондықтан, елде аяқ киімнің міндетті таңбалануы енгізілетін болғандықтан (жоба 1 шілдеден жұмыс істей бастайды), біз нақты деректермен ақпарат беріп, байланыс орталығынан репортаж жасауды ұйғардық.

  • 2019 ж. - тері өнімдерін міндетті таңбалау енгізілді
  • 2020 ж. – темекі өнімдерін міндетті таңбалауды бастау
  • 1 шілде 2021 ж. – аяқ киімді таңбалау енгізіледі
  • 2022 ж. – дәрілік заттарды, алкогольді және сүт өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп тауарларын сандық таңбалауды енгізу жоспарланған

Бір минут тыныштық жоқ

Байланыс орталығында бір минут тыныштық өте сирек болады. Ара-тұра 8 800 080 65 65 нөміріне қоңыраулар соғылады, хабарламалар mark@ismet.kz электронды поштаға немесе тауарларды таңбалау және қадағалауға арналған ақпараттық жүйенің веб-интерфейсі арқылы түсіп жатады.

Операторлар (жедел желіде барлығы 20 маман «24/7» режимінде бірнеше ауысыммен жұмыс істейді) сұраныстарды өңдеп, қолданушыларды барынша ақпараттандырып, оларға тиісті көмек беруге тырысады.

Таңбалау мәселелері бойынша тәулік бойы тегін жауап беретін жедел желі орталығындағы біздің гидіміз, қолданушыларды қолдау бойынша менеджер Айжан Исаева болды:

"Жедел желіміздің жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асқан жоқ, бірақ осы қысқа мерзім ішінде операторлар кәсіпкерлерден келіп түскен 10500-ден аса өтінішті өңдеп үлгерді. Ең көп сұрақ келіп түскен кезең темекі өнімдерін міндетті таңбалау басталған кезде болды, ол - 2020 жылдың 1 қазанынан бастап және одан кейін. Ол кезде күніне 250-ге дейін қоңырау келіп түсетін. Әрбір абонентке білікті кеңес беріп, барлық мәселені шешуге көмектесу керек болды. Бірақ біздің мамандар жүктемені сәтті еңсерді."
ТОО Жарияшы
Фото: Цифрлық экономиканы дамыту орталығы

Оқыту мен кеңейту туралы

Қатардағы операторды сарапшы деңгейіне дейін көтеру - оңай шаруа емес. Сондықтан, оларды оқыту жұмысымен тәжірибелі қызметкерлерден құрылған супервайзер-тәлімгерлер айналысады. Сонымен қатар, мамандар семинарлар, вебинарлар, бейнесабақтар өткізеді. Табылған кейстер бойынша жаңа ақпараттар білім қорын үнемі толықтырып отырады және кейін цифрлық таңбалау туралы ресми порталға жарияланады.

Егер оператор қойылған сұраққа жауап беруде қиналса (кездесіп тұрады, бірақ өте сирек), сауал цифрлық экономиканы дамыту орталығының бірінші желісіне, жеке техникалық сұрақтар техникалық қолдаудың екінші және үшінші желілеріне жолданады. Сондықтан, абоненттің жедел желінің ар жағынан цифрлық таңбалау мәселелері бойынша нағыз сарапшының жауабын еститініне сенімді болу керек.

Клиент байланыс кезінде кеңес алу сипатындағы сұрақтарына орташа есеппен 5-10 минут ішінде жауап алады. Егер неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу қажет болса, сауалды өңдеуге ең көбі 24 сағат кетеді.

Өнімнің түпкілікті тұтынушылары болып табылатын, қызығушылық танытқан қазақстандықтар да операторларға жүгінеді. Оларды әдетте мынадай сұрақтар қызықтырады: Data Matrix кодын қалай оқуға болады, кодтың арқасында қандай ақпарат алуға болады және бұл сатып алушыға қаншалықты пайдалы болады.

ТОО Жарияшы
Фото: Цифрлық экономиканы дамыту орталығы

Әрине, қызметтердің басты қолданушысы - отандық бизнес. Кеңес берушілердің мақсаты - ол тиімді жұмыс істей алу үшін барлық техникалық мәселелерді шешуге көмектесу.

"Түрлі сұрақтар қойылады. Солардың ең бастысы - аяқ киімнің таңбалануы енгізілгенде егер маркаланбаған өнімді сатсаң қандай айыппұл салынады? Соңында, егер таңбаланбаған тауарлар артық немесе кем шықса не істеу керек? Біз былай түсіндіреміз, мысалы, олар таңбаланбаған аяқ киімді міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін бір жыл ішінде сата алады."

Әзірге орталықта аяқ киім жеткізушілер мен өндірушілер арасында жоғары белсенділік байқалмайды. Бүгінгі таңда тәулігіне орта есеппен 40-қа жуық қоңырау келіп түседі. Өткен жылғы темекі өнімдерін таңбалауды бастау тәжірибесіне сүйенсек, мамандар қоңырау шалудың толқыны шілде айының басына қарай басталады деп сеніп отыр. Сондықтан, орталықтағылар аяқ киімнің міндетті таңбалануын енгізуді бастауға белсенді дайындалып жатыр.

ТОО Жарияшы
Фото: Цифрлық экономиканы дамыту орталығы
"2022 жылы бірден үш тауар тобына міндетті таңбалау енгізіледі деп күтілуде, сондықтан біздегі жұмыс көбейеді. Орталық басшылығының жоспарында қызметкерлер штатын 35 адамға дейін көбейту бар. Сондай-ақ, біз сандық технологиялар әлемінің үнемі дамитынын түсінеміз, сондықтан отандық бизнеспен кері байланыс үшін жаңа арналарды, оның ішінде әлеуметтік желілерді де жұмылдыратын боламыз", - деді соңында Айжан Исаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914589-cifrlyq-tanbalau-maseleleri-boiynsa-biznes-qaida-zugine-alady/

pixel