Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жүріп бара жатқан көліктен құлап кеткен ер адам көз жұмды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны көлікте шылым шегіп отырып құлап кетіп, көз жұмды деп хабарлайды Астана арнасы.

Полицейлердің айтуынша, Toyota маркалы көлік Көкшетаудан Қостанайға бет алған. 

Көлік жүргізушісі тынығып алу үшін рөлге әйелін отырғызыпты. Өзі электронды шылым шегіп отырып, құрылғыны абайсызда түсіріп алған. Сосын оны орындықтың астынан ала алмаған соң, есікті ашқан көрінеді.

Ер адам сол кезде сыртқа құлап кеткен. Азаматты дереу  ауруханаға жеткізгенмен, жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер өмірін сақтап қала алмаған.

"Саумалкөлдегі айналма жолдағы көпірде қайғылы жағдай орын алды. Көлік жүріп келе жатқанда салоннан ер адам құлап кеткен. Оны бірге келе жатқан жолаушылар бірден ауруханаға жеткізгенімен, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - дейді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Сән Жұмағазина.

Еске салайық, осыған дейін Атырау облысында жүріп бара жатқан "Газельден" секірген әйел көз жұмғанын жазған едік.

Қайғылы жағдай 23 мамыр күні сағат 18:30 шамасында Атырау-Индер тас жолында болған. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам әйелімен бірге "Газельде" кетіп бара жатқан уақытта көлік қатты түтіндей бастаған.

Бұны көрген ерлі-зайыптылар қатты қорыққан. Ер адам көлік қозғалысы кезінде әйеліне секірген жөн деген шешімін айтқан.

52 жастағы әйел секіріп, салдарынан ол мерт болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914627-sqo-da-zurip-bara-zatqan-kolikten-qulap-ketken-azamat-koz-zumdy/

pixel