Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалдамалы пәтерге апарған": Оралда өгей қызын зорлаған азамат 20 жылға сотталды

Опубликовано:

Зорлау фактісі1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Оралда өгей қызын зорлады деп айыпталған 33 жастағы азаматқа сот үкімі шықты. Бірақ сотталушы айыбын сол күйі мойындаған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған.

Телеарнаның мәліметінше, 13 жастағы қызды өгей әкесі жалдамалы пәтерге апарып зорлаған. Арада бес күн өткеннен соң да жеткіншекті тағы төсек қатынасына түсуге шақырып, аудио хабарлама жіберген. 8-сынып оқушысы жазбаны анасына көрсетіп, сұмдықтың беті ашылған.

Осыдан кейін күдікті қамауға алынып, тергеу басталған.

"Орал қаласының тұрғыны 2007 жылы туған өгей қызына қатысты күш қолданып, азғындық әрекет, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Оның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкіл, куәлер, сарапшылардың айғақтарымен дәлелденді", - дейді судья Бақыт Ермаханов.

Дереккөз: КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Аталған жайтқа қатысты Грузияның бас прокуратурасы пікір білдірді. Қадағалау органы таратқан ақпаратқа сәйкес, 5 мамырда күдікті қызды өлтіремін деп қорқытқан, кейін зорлаған.

"Жәбір көрген қыз ауыр психикалық соққы алған. Ол өз-өзіне қол салды", - дейді тергеушілер.

6 мамырда қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914665-zaldamaly-paterge-apargan-oralda-ogei-qyzyn-zorlagan-azamat-20-zylga-sottaldy/

pixel