Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нәжіске иығына дейін батқан": Түркістанда полицейлер дәретханаға түсіп кеткен балаларды құтқарып қалды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан полицейлері тереңдігі бес метрлік дәретханаға түсіп кеткен үш және 10 жастағы балаларды құтқарды деп хабарлайды polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, Сарыағаш АПБ кезекшілігінің 102 нөміріне жергілікті тұрғын хабарласып, үйінің ауласындағы дәретханаға үш жасар ұлы мен 10 жасар қызының абайсызда түсіп кеткенін айтып, көмек сұраған.

Хабарламаны бірінші болып алған тәртіп сақшылары оқиға орнына небары екі минутта жедел жеткен. Полицейлер екі жасөспірімнің өміріне қауіп төнгенін ескеріп, ештеңеге қарамастан балаларды құтқаруға асығады.

Себебі, тереңдігі бес метрлік әжетхана ішіндегі нәжіс 10 жасар қыздың иығына дейін жеткен. Ал жасөспірім қыз жанындағы үш жасар інісін нәжіске батып кетпес үшін көтеріп тұрған.

Полицейлер құтқарудан кешіксе, балалар иістен уланып қалуы да мүмкін еді, сондықтан қызметкерлер жедел түрде әрекет етіп, бетоннан жасалған әжетхана еденін темір құралымен соққылап бұзған.

Тәртіп сақшылары әжетхана еденін бұзып жатып, ішіндегі балаларға қауіпсіздігін де ойлаған және соған сай әрекет еткен. Біраз уақыттан соң полиция қызметкері Асыл Ережепов арнайы жіпті беліне байлап, бес метр тереңдіктегі әжетхана ішінен бірінші үш жасар ұлды, артынша 10 жастағы қызды аман-есен алып шыққан.

Осылайша, Сарыағаш АПБ-ның қос полицейі өздерінің жедел әрекет етуі мен қалайда балаларды құтқаруға барын салып, қайсарлық танытып әрекет етуінің арқасында олар аман қалған.

Осы ретте полицейлердің әрекетіне риза болған және балаларының аман шыққанына қуанған анасы Ажаркүл Саржанова алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914712-nazis-10-zasar-qyzdyn-iygyna-deiin-zetken-turkistanda-policeiler-daretxanaga-tusip-ketken-balalardy-qutqardy/

pixel