RU

Жаңбыр, жел, шаңды дауыл: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28 мамырға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық Қазақстан территориясы кең антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз  ауа райы күтіледі. Республиканың қалған территорияларында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде найзағай мен жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с,  екпіні 25 м/с болып, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болып, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, күндіз Алматы, Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады.

Күндіз Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар,  Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914841-zanbyr-zel-sandy-dauyl-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/