jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Щучинскіде үйден ерлі-зайыптының денесі табылды: өрт қойды деген күдікті ұсталды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/halyqstan

    Щучинскідегі жеке тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрттің салдарынан ерлі-зайыпты қаза тапты, өрт қойды деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Щучинскіде екі адамның өмірін қиған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын тұрғын үйге өрт қойған. Салдарынан аталған үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапты.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлім етті Ақмола облыстық ПД.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Щучинск қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққанын жазған едік. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден 1968 жылы туған ер мен әйелдің денесін алып шыққан болатын.

    Щучинскіде үйден ерлі-зайыптының денесі табылды: өрт қойды деген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram