jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

"Бақытты көрінді": Судья жәбірленушінің көңіл күйіне қарап, зорлаушыны жазадан босатты

Зорлау фактісі1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Үндістанда судья Кшама Джоши жәбірленушіні зорлады деп айыпталған Тарун Теджпалға тағылған айыпты алып тастады. Сот зорлық құрбаны болған қыздың сол кездегі мінез-құлқына назар аударған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Би-би-сиге сілтеме жасап.

Tehelka журналының бұрынғы редакторы Тарун Теджпалға 2013 жылы салтанатты шара кезінде әріптесін зорлады деген айып тағылып, полиция 3 мың беттен тұратын қылмыстық материал жинаған.

Оны айыптаған жәбірленуші оның қызметкері ғана емес, досының қызы және қызының ең жақсы досы болған. Сотта қыз айыпталушыны әкесі ретінде көретінін және оған сенім артқанын айтады.

Алайда, болжамды зорлаудан кейін түскен суретте жәбірленушінің түр-келбетінде еш алаңдаушылық байқалмаған, оның үстіне жүзінде қуаныш болған.

"Фотода қыздың жүзінде үрей, қорқыныш жоқ, күйзеліске ұшыраған деуге де келмейді, бақытты көрінді, алайда бұл жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым деп айтқаннан кейін түскен фото еді", – деп жазды сот үкімінде.

Осыдан соң Тарун Теджпалға тағылған айыптар алынып тасталған. Алайда бұл шешім өткір сынға ұшырады.

Делидегі адвокат Апарна Бхаттың айтуынша, барлық сот үкімі "жас әйелді сексуалдық авантюраға қатысқан адам ретінде көрсететін дәйексөздер тізбегінен құралған".

"Барда сауық-сайран құрып, қолына сусын ұстап билеген қыз судьяны ашуын туғызған-ау шамасы", – дейді тағы бір адвокат Паял Чавла.

Бұл үндістандық судьяға әйелдерді жақтырмау туралы айып тағылып отырған бірінші жағдай емес. Өткен жылы Карнатакадағы судья болжамды зорлау құрбаны болған қыздың қисынсыз қылығын сот барысында ескерген болатын.

"Бақытты көрінді": Судья жәбірленушінің көңіл күйіне қарап, зорлаушыны жазадан босатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.