Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкеме қарасам жүрегім ауырады": Он жасар бала әкесі үшін жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Бағлан Айдарханов
Бағлан Айдарханов: жеке мұрағат

Алматы маңында пәтер жалдап тұратын Айдархановтар отбасы соңғы бес жылдан бері әупірімдеп күн кешіп келеді. Ел қатарлы өмір сүріп жатқан олар үй иесі Бағлан Айдархановтың екі бүйрегі істен шыққан соң, бұрынғы күйлеріне зар болып қалған. Жасы отыздан асқан азаматтың гемодиализ арқылы жан бағып отырғанынан алты жылға жуықтады. Бүгінде олар талай жердің есігін қағып, көмек сұраған. Алайда, құны 15 миллион тұратын отаға ешкім де қол ұшын созар емес. Осы орайда, әкесінің күн сайын нашарлап бара жатқанына алаңдаған 10 жасар Ринат Бердіхан халықтан көмек сұрады.

«Әкеміз денсаулығы барда бізді асырап келген. Ол кісі ауырғалы бері бар ауыртпалық анама түсті. Әкем Бағлан Айдарханов 1985 жылғы. 2015 жылдан бері бүйрегі істемей, дәрігерлер толығымен алып тастаған еді. Міне, содан бері ол гемодиализ арқылы өмір сүруде. Әкемнің жағдайы нашарлап бара жатқанын көру маған өте ауыр. Алты жылдан бері төсек тартып жатыр», - дейді кішкентай Ринат.

Бағланға созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің 5-сатысы, В вирусты гепатиті, уремия, бүйрек анемиясы диагнозы қойылған.

«Әкемнің мұндай халін көру бізге ауыр. Қолымнан келетін көмек жоқ. Оған қалай көмектесерімді білмеймін. Ертерек бүйрек ауыстырмаса, өмірі қыл үстінде тұр. 15 миллион табуға біздің шамамыз келмейді. Сондықтан, сіздерден көмек сұраймын. Әкемді құтқаруға көмектесіңіздерші. Оған қараған сайын жүрегім ауырады. Пәтер жалдап тұратындықтан, 15 миллионға операция жасау жалғыз анам үшін өте қиын. Мейірімді жандар болса, бала жүрегіммен көмек сұраймын. Біздің басқа амалымыз қалмады. Уақыт өткен сайын жағдайы нашарлап барады», - дейді он жасар Ринат.

Бағлан Айдархановқа көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:

Kaspi Gold: 8 702 594 45 86, Гулнафис

Kaspi карта: 5169 4931 7124 0651, Гулнафис

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914933-akeme-qarasam-zuregim-auyrady-on-zasar-bala-akesi-usin-zanusyra-komek-surady/

pixel