Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ таудан табылған үш студентті эвакуациялау сәтінен видео жариялады

Жарияланған күні:

Студенттер
Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Түркістан облысының таулы аймағынан табылған үш студентті эвакуациялау сәтінен видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Табылған үш туристі эвакуациялау жұмыстары сәтті аяқталды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпейді. Екеуі 1999 жылы, ал біреуі 2000 жылы дүниеге келген. Айтуынша, олар үш күн бұрын екі топқа бөлінген. Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері оларды ата-анасына табыстады", - дейді ТЖМ ресми өкілі.

Талғат Уәли қалған төрт адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін "Қазавиақұтқару" тікұшағымен аэровизуалды барлау барысында Сайрам-Өгем ұлттық саябағында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетуде. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық саябақ қызметкерлері мен жоғалғандардың туыстары, сондай-ақ, екі "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылған.

Еске салайық, Түркістан облысы, Төле би ауданы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында жеті адамның жоғалғаны жайлы ақпарат 102 пультіне 25 мамыр күні 18 сағат 30 минутта түскен. 21 мамырда туристер жаяу "Сары-Айғыр" шатқалына аттанған. Олар 24 мамыр күні оралуы тиіс болған. Алайда белгіленген уақытта жігіттерден еш хабар болмаған.

Жоғалған жеті жігіттің алтауы - Назарбаев университетінің студенті. Ал бірі - Кентау "Білім-Инновация" лицей-интернатының түлегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914981-tzm-taudan-tabylgan-us-studentti-evakuaciyalau-satinen-video-zariyalady/