"Астана LRT" ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
Жарияланған күні:
Бүгін "Астана LRT" ісі бойынша айыпталушыларға қатысты сот үкімі шықты. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері мен басқа да тұлғалар бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін сот "Астана LRT" ісі бойынша жеті тұлғаға үкім шығарды. Алайда, бұл істегі басты күдіктілер нақтырақ айтсақ, "Астана LRT-ның" бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр.
Бүгінгі сот отырсында Қазақстандағы жеті адам кінәлі деп танылды. Келтірілген залал 5,8 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясының шешімі бойынша, оларға келесідей жазаға тағайындалды:
Астана жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов - 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бұрынғы басшысы Жанат Нұрпейісов 8 жылға бас бостадығынан айырылды. Ол да 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Оған қоса Нұрпейісов "Құрмет" және "Парасат" орденінен де айырылды.
Сонымен бірге Ұлықбек Ачилов - 8 жылға, Талғат Әшім - мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылумен қатар, 7 жылға, Тимур Қасабаев - 8 жылға, Дулат Мусенов - 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Дәурен Әбдіхамитов - қылмыстық жолмен алынған мүлікті, атап айтқанда, Mercedes маркалы автокөлікті тәркілеумен қоса 8 жылға сотталды. Сондай-ақ, сот одан Toyota маркалы көлік сомасын, яғни 15 млн теңге өндіруді қаулы етті.
Сонымен қатар, әрбір сотталушы 500-600 мың теңге көлемінде сот шығынын өтейтін болады.
Одан бөлек, сотталушылар мен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тағы бірнеше адам келтірілген залалды яғни 5,8 млрд теңгені өтеуі тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914987-astana-lrt-isi-boiynsa-sottalusylarga-ukim-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.