jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды

Тау11
Жоғалған туристерді іздестіру сәтінен фото: ТЖМ

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

"29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған, тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды", - дейді Талғат Уәли.

Жігіттердің денесі Қазавиақұтқару" АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілген.

"Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары жұмылдырылған. Сондай-ақ, әуеден іздеу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ екі борты жұмыс істеуде", - деп қосы Талғат Уәли.

Оның сөзінше, аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталатын болады.

Еске салайық, Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 2021 жылғы 25 мамырда 18 сағат 30 минутта түскен.

Белгілі болғандай олар 21 мамырда жаяу "Сары-айғыр" шатқалына бет алған және 24 мамырда қайту қажет болған. Алайда қайтар жолда адасып кеткен.

28 мамырда жігіттердің үшеуі табылған болатын. Кейін ТЖМ туристтерді эвакуациялау сәтінен видео да жариялаған еді.

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.