Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1549 адам": Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны азайды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1549 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 385 144-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 216

Алматы қаласы - 238

Шымкент қаласы - 49

Ақмола облысы - 100

Ақтөбе облысы - 52

Алматы облысы - 76

Атырау облысы - 64

Шығыс Қазақстан облысы - 87

Жамбыл облысы - 30

Батыс Қазақстан облысы - 90

Қарағанды облысы - 310

Қостанай облысы - 41

Қызылорда облысы - 17

Маңғыстау облысы - 52

Павлодар облысы - 80

Солтүстік Қазақстан облысы - 25

Түркістан облысы - 22

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария еткен болатын.

29 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Сонымен қатар бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915098-1549-adam-qazaqstanda-covid-19-zuqtyrgandardyn-sany-azaidy/

pixel