Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Дидар Смағұлов1
Дидар Смағұлов. Фото: facebook.com/saintdid

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында қызметінен кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Достар, мен Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен өз еркіммен кету туралы шешім қабылдадым. 7 жыл бойы мемлекеттік қызметте еңбек еттім. Енді өзімді басқа салада сынап көретін кез келді.

Достар, маған үнемі қолдау көрсеткендеріңізге алғысым шексіз. Осының арқасында көп жұмыс атқарылды. Сондай-ақ, еліміздің Білім және ғылым министріне де алғыс айтқым келеді. Маған қатысты айтылған қаншама сынға қарамастан бұл қызметте маған сенім арта білді. Халыққа адал қызмет ету үшін және сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен өзімнің бар жиған білімім мен қабілетімді осы орталықтың өркендеуіне бағыттауға тырыстым.

Осы салада ұсынылып жатқан басқа да басшылық лауазымдар үшін ризашылығымды білдірем. Алайда маған қызмет саласын сәл өзгерту қажет деп шештім. ҰБТ-мен қош айтыспаймыз. Алдағы уақытта қызметімді министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі ретінде жалғастырмақпын (қандай да бір төлемсіз)", - дейді Дидар Смағұлов.

Айта кетейік, Дидар Смағұлов Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметіне 2019 жылдың маусым айында тағайындалған болатын. Бұл қызметке дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915158-ulttyq-testileu-ortalygynyn-bassysy-qyzmetinen-ketti/

pixel