RU

Павлодар облысында жоғалған екі оқушы өлі күйінде табылды

оқушы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында жоғалып кеткен 15 жастағы екі жасөспірім су қоймасынан өлі күйінде табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Ведомстовның мәліметінше, жеткіншектерді іздеу жұмыстары кәугерлер олардың киімін су қоймаларының бірінің маңынан тауып алғанын айтқан соң басталған.

Жасөспірімдердің жеке заттары мен ұялы телефоны табылғаны жайлы хабарлама "112" желесіне хабарланған және хабарламада заттардың "Сковородка" су қоймасының маңынан табылғаны айтылған.

Кейін жоғалып кеткен жасөспірімдер Екібастұз қаласының №9 орта мектебінің 2005 жылы дүниеге келген оқушылары екені анықталған.

29 мамыр күні сүңгірулер іздеу жұмыстарына кіріскен алайда қараңғы түсіп кеткен соң іздестіру жұмыстары таңға дейін тоқтатылған.

30 мамырды іздеу жұмыстары қайта жалғасқан және таңғы 11-лер шамасында полиция қызметкерлері жасөспірімдердің заттарын тауып алған куәгерлерді оқиға орнына алып келген.

"Куәгерлердің сөзінше, жеткіншектердің заттары суға түсуге тыйым салынған өзге су қоймасынан табылған. Ол су қоймасы Екібастұз қаласынан 5 шақырым жерде сутазартқыш ғимарат пен 19-шағын ауданның арасында орналасқан. Кәугерлер көрсеткен су қоймасында іздестіру жұмыстары 11:40-та басталып, 12:00-де олардың жансыз денесі табылды", - дейді Павлодар облыстық ТЖД.

Айта кетейік, іздестіру жұмыстарына еріктілер де атсалысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915141-pavlodar-oblysynda-zogalgan-eki-oqusy-oli-kuiinde-tabyldy/